21 Сәу 2022
О нас

Мақсаты мен міндеттері

Мақсаты: Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жүйесіндегі мемлекеттік саясатты жүзеге асыру аясында әртүрлі әлеуметтік топтардан шыққан балалардың сапалы білім мен саналы тәрбие алуы үшін тең мүмкіндіктер жасау және барлығын қамтамасыз ету. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың сапасын арттыруға бағытталған барлық шаралар балаларды мектепте оқуға табысты дайындауға және ата-аналардың мектепке дейінгі білім беру қызметтеріне қажеттілігін қанағаттандыруды басты бағыт етіп алу.

 

Міндеттері:

- мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту бағдарламаларының мазмұнын толықтай меңгерту;

- ғылыми-әдістемелік және оқу-әдістемелік қолдауды қамтамасыз ету;

- вариативтік оқу бағдарламаларын әзірлеу, енгізу және жұмыста қолдану;

- тәрбие мен оқытудың сапасын бағалау;

- мектепке дейінгі ұйым педагогтерінің біліктілігін арттыру курстардан уақытылы өтуіне жағдай жасау;

- балаларды психологиялық-педагогикалық қолдауды жүзеге асыру;

- балаларды  тәрбиелеу, күтім жасау және дамыту мәселелері бойынша ата-аналарға арналған білім беру және ақпараттық-консультациялық жұмыстар ұйымдастыру.